2024 жылдың қараша айында Қызылорда қаласы №15 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты М.Есжанов бірнеше ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы мәслихаттың ресми сайты хабарлады.
15 қараша күні Талсуат ауылдық округіндегі көшпелі қабылдау барысында елді мекен тұрғындары тарапынан құқықтық көмек, инфрақұрылымды ретке келтіру мәселелері көтерілді. Ал,18 қараша күні Ақжарма ауылдық округіне қарасаты Махамбет ауылында ауыл жастарымен ой-пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді.
Бүгін, 27 қараша күні Ақсуат ауылдық округіне қарасты Баймұрат ауылында қоғамдық кеңес төрағасы, арадагерлер кеңесі төрағасы және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жол, электр желісі және жайылымдық жер мәселелері көтерілді.
Өз кезегінде депутат көтерілген мәселелерге заңға сәйкес жауаптарын беріп, мүмкіндігінше тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.