15.9 C
London
Среда, 17 сентября, 2025

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: Жол апатынан бір адам қайтыс болды

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Алматы облысы Жамбыл ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 30 қарашада «Mercedes Benz 280» жүргізушісі Алматы-Бесмойнақ автожолының 77 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетеді. Нәтижесінде ол «Ford Focus» автокөлігімен соқтығысқан және инерциямен «ВАЗ-2114» көлігіне соғылған.

Жол апатының салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.

— Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img