15.9 C
London
Среда, 17 сентября, 2025

МАҢҒЫСТАУ: Туберкулез өршіп барады

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша аймақта туберкулездің 208 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 26-ны құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға көп. Ал, жасөспірімдер арасында 13 жағдайға немесе 1,6 есеге өсу байқалады.

-17 жасқа дейінгі балалар арасындағы туберкулезбен аурушаңдық 2023 жылдың 9 айындағы 6,9-дан 2024 жылдың 9 айында 10,9-ға дейін өсті. Бұл 1,6 есе көп дегенді білдіреді. Жасөспірімдер арасында туберкулезбен ауыру Түпқараған ауданында 0-ден 9 жағдайға, Жаңаөзен қаласында 2-ден 5-ке, Бейнеу ауданында 4-тен 6-ға, Ақтау қаласында 5-тен 9-ға дейін өсті. Бейнеу ауданының көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 1,1 есе, Түпқараған ауданы 4,9 есе жоғары, — дейді Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Бердібек Саралтаев.

Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Құндыз Қырқымованың айтуынша, Маңғыстау облысында туберкулезбен күрес бағдарламасын жүзеге асыруға өңірдің көптеген медициналық ұйымдары қатысуда.

— Аймақта 90 минутта изониазидке, фторхинолондарға, екінші қатардағы инъекциялық препараттарға (амикацин, канамицин, капреомицин) және этионамидке төзімділікті анықтайтын XDR GENE-XPERT аппараты жұмыс істеп тұр. Жыл сайын 500-600 науқасқа туберкулезге қарсы ем тағайындалады. Биыл 9 айда 376 науқас ем алды. Сезімталдығы сақталған туберкулезбен ауыратын науқастардың емделу тиімділігі 94,4% құрады, — дейді Құндыз Қырқымова.

Мамандардың мәліметінше, Маңғыстауда соңғы 10 жылда туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі тұрақты төмендеу тенденциясына ие.

https://kaz.inform.kz/news/mangistauda-balalar-arasinda-tuberkulez-aurui-2-ese-osken-9afe0c/

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img