Орал қаласында 43 жастағы ер адам жылы аялдаманың терезесін сындырған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам С.Тюленин аялдамасында осындай әрекетке мас күйінде барған.
«Учаскелік полиция инспекторлары қолға түсірген кезде ер адам мас күйінде болды. Келтірілген залал көлемі – 150 мың теңге. Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам 500-ден 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», — деп хабарлады ведомстводан.