15.9 C
London
Среда, 17 сентября, 2025

Жомарт жан» орталығының отырысы өтті

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Жуырда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚХА «Жомарт Жан» өңірлік орталықтарының төрағалары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында «Жомарт Жан» орталықтарының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлары талқыланды.

«Қазақстанда әлем елдеріндегідей қайырымдылық қызметін жүзеге асыратын азаматтар мен ұйымдар саны артып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қызметі – қоғамдық келісімді қолдаудың және этностардың ынтымақтастығын ілгерілетудің маңызды құралдарының бірі. Ассамблеяның «Жомарт жан» орталығы өткен жылдың қорытындысына сәйкес, мұқтаж жандарға 1,3 млрд теңге сомасында көмек көрсетті. Сонымен қатар қоғамда еңбек адамының, жұмысшы мамандықтардың қадірі арта түсуі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан қоғамдық бағытқа серпін беріп, өз үлесімізді қосқымыз келеді» — деді Сенат депутаты, ҚХА «Жомарт жан» республикалық қайырымдылық орталығының төрағасы Евгений Больгерт.

Отырыс барысында ҚХА 30 жылдығына орайластырылған жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асырудағы «Жомарт Жан» орталықтарының негізгі тәсілдері талқыланды.

Сонымен қатар, өңірлердегі «Жомарт Жан» орталықтарын дамыту перспективалары туралы пікір алмасу өтті.

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img