23 C
London
Вторник, 1 июля, 2025

Меценаттар 75 балаға грант бөлді

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img
Алматы облысында негізі қаланған «Білім – Күш» қоғамдық қоры қайырымдылық Light the way деген гала кешін өткізді. Кештен түскен барлық қаражат Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына ағылшын тілін грант негізінде оқытуға жұмсалған. Кешке 300-ге жуық қонақ қатысты.

«Білім – Күш» ауыл балаларының көкжиегін кеңейтіп, олардың бәсекеге қабілетті болып өсуіне ықпал етуді мақсат етеді. Қордың ашылуына CES for You орталығында грант сұрап, тізімде тұрған 5000-ға жуық бала себеп болған. Алматы қаласы маңындағы елдімекендер өте тығыз орналасқан, көпбалалы отбасылар өте көп. Балалардың бәрі қосымша ақша төлеп, тіл оқи алмайды. Ал балалар ағылшын тіліне қатты қызғады.

«Бір адам — адам, он адам — қоғам, ал жүз адам — ел! Біз балаларымыз өмір сүретін қоғам алдында ел, қоғам болып жауаптымыз. Сондықтан бұл кеш 100 баланың болса да болашағы үшін үлкен қадам болатынына сенемін» — дейді қордың негізін қалаушы, президенті Айгүл Қанатқызы.

Гала кеш қорытындысы бойынша, кешке жиылған меценаттар 75 балаға ағылшын тілін оқитын грант бөлген.

«Білім — Күш» қоры 2021 жылдан бері ағылшын тілі мұғалімдерін қолдау бойынша жобаларды да жүзеге асырып келеді. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Жамбыл облысы ұстаздарының БАӘ, Ұлыбритания елдеріне сапарын ұйымдастырып, оларды тегін Олимпиадалар мен тіл лагерьлеріне апарып, «Көпшілік алдында сөйлеу» бойынша шетелдік мамандармен курстар және тегін онлайн ағылшын тілін оқу бойынша курстар ұйымдастырады.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here