14.5 C
London
Понедельник, 3 ноября, 2025

ШҚО мәслихатының кезектен тыс ХVІІІ сессиясы өтті

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сессияға 32 депутаттың 23-і қатысты, бұл 72%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың ресми сайты хабарлады.

Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/72-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы.

Қаралған барлық жобалар бойынша тиісті шешімдер  қабылданды.

Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ сессиясына енгізілген «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша қорытынды қабылданды.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img