АТЫРАУ: Үш адамды өртеп жіберген жігітке жаза тағайындалды

Атырауда үш адамды өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды Атырауда көңілдесінің пәтеріне от қойып, үш адамның өмірін қиған қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол марқұмдардың жақындарына екі ай ішінде 21 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы…

Читать далее

ОРАЛ: Жылы аялдаманың терезесін сындырып кеткен

Орал қаласында 43 жастағы ер адам жылы аялдаманың терезесін сындырған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам С.Тюленин аялдамасында осындай әрекетке мас күйінде барған. «Учаскелік полиция инспекторлары қолға түсірген кезде ер адам мас күйінде болды. Келтірілген залал көлемі – 150 мың теңге. Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу…

Читать далее

МАҢҒЫСТАУ: Туберкулез өршіп барады

Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша аймақта туберкулездің 208 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. Сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 26-ны құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға көп. Ал, жасөспірімдер арасында 13 жағдайға немесе 1,6 есеге өсу байқалады. -17 жасқа дейінгі балалар арасындағы…

Читать далее

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: Жол апатынан бір адам қайтыс болды

Алматы облысы Жамбыл ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 30 қарашада «Mercedes Benz 280» жүргізушісі Алматы-Бесмойнақ автожолының 77 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетеді. Нәтижесінде ол «Ford Focus» автокөлігімен соқтығысқан және инерциямен «ВАЗ-2114» көлігіне соғылған. Жол апатының салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттарымен…

Читать далее