ПАНФИЛОВ: 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты. — Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов…

Читать далее

Жаркент мешіті: шегесіз салынған сәулет ғажайыбы

Панфилов ауданының Жаркент қаласында орналасқан Жаркент мешіті – Қазақстандағы ең ерекше сәулет ескерткіштерінің бірі. 1887-1892 жылдары салынған бұл ғимарат өзінің бірегей құрылыс техникасымен таң қалдырады: ол бірде-бір шегесіз тұрғызылған. Бұл мешіттің құрылысы мен сәулет өнеріне тереңірек үңіліп, оның тарихи және мәдени маңыздылығына тоқталайық. Шеберліктің шыңы Жаркент мешітін салған қытайлық сәулетші Хон Пик ағашты шебер өңдеудің…

Читать далее

ПАНФИЛОВ: «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды

Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды. «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Автомобиль жолы қай кезде де елдің инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып саналған. Мұндай негізгі артериялар…

Читать далее

ЖЕТІСУ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Бүгін Жетісу ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдерімен бірлесіп жиын өтті. Аудан басшысы Ләззат Жылқыбаева өзінің құттықтау сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілер арасында тәртіпті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын (ТБН-4) іске асыру…

Читать далее

БАЛҚАШ: Ақдала ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Ақдала ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы — ауыл өмірінде жаңа бір кезеңнің бастамасы. Бұл нысанның құрылысын «ГрадСтройСервис» ЖШС жүзеге асырды, ал оның жалпы құны 195 млн 148 мың теңгені құрайды. Ауыл тұрғындары үшін күтпеген қуанышты хабар жетті: жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің есігі ашылып, тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуге дайын. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, бұл ғимарат…

Читать далее

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ: Ащысайда спорт кешені пайдалануға берілді

2024 жылдың 25 қазанында Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында көптен күткен 50 орындық заманауи спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл оқиға, жергілікті инфрақұрылымды дамытудағы елеулі қадам болып табылады және облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына, белсенді демалысқа жаңа мүмкіндіктер ашады. Айтулы оқиғаға ат басын тіреген Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов: «Жаңа спорт кешенінде халқымызды әлемге танытар атақты…

Читать далее

Қарағанды облысының мәслихаты әлеуметтік саланы дамытуға ниетті

Қарағанды облысының мәслихатында Нұркен Кобжановтың төрағалығымен депутаттық корпус облыстық бюджетті нақтылау бойынша кезектен тыс сессия өткізді. Бұл туралы мәслихаттың ресми сайты хабарлады.  Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары қатысты. 2024 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында депутаттар Бұқар Жырау ауданында ДШСК құрылысын аяқтауға, Нұра және Абай аудандарында сумен жабдықтау…

Читать далее

М.Есжанов ауылдарды аралады

2024 жылдың қараша айында Қызылорда қаласы №15 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты М.Есжанов бірнеше ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы мәслихаттың ресми сайты хабарлады. 15 қараша күні Талсуат ауылдық округіндегі көшпелі қабылдау барысында елді мекен тұрғындары тарапынан құқықтық көмек, инфрақұрылымды ретке келтіру мәселелері көтерілді. Ал,18 қараша күні Ақжарма ауылдық округіне қарасаты Махамбет ауылында…

Читать далее

Қызылорда Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдығын атап өтті

Салтанатты шараға Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов және барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары мен депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Қызылорда облысның әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жиналған қауымды Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды. Мұнан соң, облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық…

Читать далее

ШҚО мәслихатының кезектен тыс ХVІІІ сессиясы өтті

Сессияға 32 депутаттың 23-і қатысты, бұл 72%-ды құрады. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың ресми сайты хабарлады. Мәслихат…

Читать далее