Атырау облысы — Қазақстанның батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Облыс 1938 жылы құрылған. Облыс орталығы — Атырау қаласы. Жер аумағы 118,6 мың км². Халқының саны 2024 жылдың 1 қаңтарында 692,3 мың адамды құрады. Облыс солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысымен, батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі.
Атырау облысы 7 ауданнан және 2 облыстық маңызы бар қаладан тұрады. Облыста 2 қала (Атырау, Құлсары), 4 кент (Индербор, Мақат, Доссор, Жаңа Қаратон), 63 ауылдық округ, 149 ауыл бар.