Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Алматы облысы 1932 жылы құрылған.
Облыс орталығы — Қонаев қаласы.
Жер аумағы 105,3 мың км².
Халқының саны 2024 жылдың 1 қаңтарында 1 506,7 мың адамды құрады.
Батысында Жамбыл облысымен, солтүстік-батысында Қарағанды облысымен, солтүстік-шығысында Жетісу облысымен шектеседі.
Әкімшілік бөлінісі:
Алматы облысы 9 ауданнан және 2 облыстық маңызы бар қаладан тұрады.
Облыста 8 қала, 3 кент және 352 ауыл бар.