Бүгін Жетісу ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдерімен бірлесіп жиын өтті.
Аудан басшысы Ләззат Жылқыбаева өзінің құттықтау сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілер арасында тәртіпті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын (ТБН-4) іске асыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Әлия Нұртай атап өткендей, аудандық әкімдіктің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» арнайы бөлімі құрылды, онда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» Заң, Қазақстан Республикасының 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, жоспарлардың орындалуы туралы ақпарат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты орындау жөніндегі басқа да материалдар жарияланды.
«Бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әкімнің кеңесшісі лауазымы жұмыс істейді. Мемлекеттік орган жұмысының ашықтығын жасау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін аудан әкімі «Ашық әкім» холлында «open space» форматында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, азаматтардың уақыты мен саны шектелмейді. Жетісу ауданы әкімінің аппаратында тұрақты негізде тұрғындарға заңгерлік кеңес беріледі», — деп атап өтті Әлия Нұртай.
Өз тарапынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысқаны үшін жаза, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерге қатысқан адамдарды әшкерелегені үшін көтермелеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ерте жастан бастап мектепте де, отбасында да тәрбиелеу арқылы азаматтар арасында парасаттылық пен тазалықты қалыптастыру туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы, Қазір «Altyn Bank» Басқарма Төрағасының кеңесшісі Алик Шпекбаев айтып берді.