Салтанатты шараға Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов және барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары мен депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қызылорда облысның әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жиналған қауымды Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.
Мұнан соң, облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттарын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының және Парламенті Мәжілісі Төрағасының Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл мерекелік төс белгісін табыстады.
Салтанатты жиын, мерекелік концертке жалғасып, шара соңында облыс әкімінің арнайы ықылас гүлі табысталды.