
Алматы мәслихаты бюджетке өзгеріс енгізді
Алматы мәслихатының депутаттары биылғы жылға арналған нақтыланған бюджеттің жобасын қолдады, — деп хабарлады мәслихаттың ресми сайты. Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясында 2024 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізілді. Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, бұл түзетулер мемлекеттік сатып алулардан үнемделген қаржы, қаражаттың бір бөлігін 2025 жылға ауыстыру және басым бағыттарға қайта бөлу мәселелерімен байланысты. «Қаражатты…