Қоян-қолтық жұмыс істеу керек

Павлодар облысының әкімі депутаттармен кездесіп, биліктің өкілдік етуші органдарын қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды.

Болат Бақауов облыстық мәслихат сессиясында сөз сөйледі. 2018 жылғы атқарған жемісті жұмыстары үшін Халық қалаулыларына алғыс білдіріп, жаңа идеялар мен бағдарламалық жобаларды іске асыруға білек сыбана кірісулерін өтінді.

– Жұмыс тек бюджетті бекіту мен игеру, жиі өтетін комиссиялық жиындардың айналасында құрылмауы керек, – деді аймақ басшысы. – Барлық жерде мемлекеттік бағдарламаларды орындауда, жөндеу жұмыстарын жүргізуде, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының дұрыс жұмыс істеуін бақылауда ұстау қажет.

– Бізде аграрлық бизнесті дамытуға арналған бірнеше бағдарламалар бар. Олардың көмегімен несие 4%-бен 15 жылға беріледі, алайда көбі оны білмейді, – деді Болат Бақауов. – Сондықтан біз әр ауданның даму жоспарын әзірлеп жатырмыз. Онда жергілікті жердегі басшылардың нақты көрсеткіштері берілген.

Сондай-ақ аймақ басшысы кездесу қатысушыларынан көшіру бағдарламасын жүзеге асыру, жолда қызмет көрсетуді дамыту, жер телімдерін үлестіруді жеңілдету және тұрғын үймен қамтамасыздандыру мәселелеріне ерекше назар аударуды өтінді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *