Малайсары мектебіне информатика кабинеті сыйға тартылды

Қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «ұлттық кодты» сақтап қалудың сан алуан бағытын байыптайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында бүгінгі таңда аудан мектептерінде «Мектебіме тағзым» акциясы кең көлемде өткізілуде. Жас ұрпаққа туған жерге тағзым етудің үлгісін көрсету, сол арқылы оларда сананың ашықтығын дамыту, табысты болу жолында бәсекеге қабілетті қалыптастыруға ықпал ету, білімнің салтанат құруы үшін заманауи материалдық-техникалық базаны нығайтуды жүзеге асыру мақсатындағы акция бүгін өз жалғасын аудандағы іргелі білім ошағы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде өз жалғасын табуда. 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Смайылхан Абдрахмановтың ұрпақтары оқушыларға информатика кабинетін сыйға тартты. Биыл атаулы мектепте демеушілердің арқасында үшінші кабинет ашылып отыр. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Тіпті акцияға қатысудың өзі туған мектебіне көмек көрсетудің керемет үлгісі. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады деп сенемін дейді мектеп директоры Анар Жетыбаева. Осындай демеушілеріміздің арқасында мектебіміздің материалдық базасы нығаюда. Еліміздің түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етіп жүрген ауыл азаматтарына айтар алғысымыз шексіз. Мерекелік шара спорттық ойындармен жалғасты. Абдрахмановтар отбасы оқушылар арасында волейболдан турнир өткізді. Бұл турнирмен қоса, Тәуелсіздік мерекесіне орай, 1998 жылғы мектеп түлектері оқушылардың арасында шахматтан жарыс ұйымдастырды. Қос бірдей шараға қатысқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Тәрбие ісінің меңгерушісі
А.Койлыбаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *