Жақсының нұры жүректе

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Осы ұранды ұстанып мектебіміздің оқушыларының «Жаңа жылдық» кешінің көңілді өтуіне елеулі үлес қосып, демеушілік көрсеткен ауылымыздың азаматтарына алғыс білдіргіміз келеді. Атап айтсақ: «Ағайындылар» шаруа қожалығы, Ауданымыздың маслихат депутаты Бауыржан Утепбергенов барлық буындағы сыныптарға номинациялар бойынша және үздік киінген оқушыларға бағалы сыйлықтар таратты. Жеке кәсіпкер Капенов Бектас Бағдатұлы «Жаңа жылдық» кештің безендірілуіне демеушілік көрсетті.Сіздер адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемдеріңізді ұсынғандарыңызға ризашылығымызды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, толағай табыс тілейміз.

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ
Армангүл Мүтанқызы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *