ҚАРАТЕРЕКТЕ «QAZAQ» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

30 желтоқсанда Қаратерек ауылында «Қазақ» спорт кешені ашылды. Аталмыш нысанды осы ауылдың Саят Спанов, Тілек Таңжарықов, Заңғар Күлетов, Асылбек Ережепов, Ахан Ардақ қатарлы кәсіпкер азаматтары тікелей өз қаражаттарымен жас спортшыларды қолдау мақсатында ел игіліне табыс етті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Мәдина Құсайынова, аудандық мәслихат хатшысы Ғибадат Арынов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Байғалиева, облыстық мәслихат депутаты Қарлығаш Түсіпбекова қатарлы шараның құрметті қонақтары мен жергілікті ауыл тұрғындары қасысты.

Спорт кешенінің ашылу лентасын қиған М.Құсайынова кең пейіл, жомарт азаматтардың жұдырықтай жұмылған береке-бірлігінің арта беруіне, салауатты өмір салтын ұстанған ауыл жастарына спорт жұлдыздарының нық қадамын, жеңісті жолын тіледі.

Орталығымызға күнделікті жаттығу жасауға 40-тан  астам жастар мен жасөспірімдер келеді. Олар көбінесе қазақ күресі, зіл темір көтеру, бокс сияқты спорт түрлерімен шұғылданады.

Енді ғана басталған жаңа 2019 жыл Елбасының жарлығымен «Жастар» жылы болып жариялануына орай, бұл спорт кешені спортқа әуес жастардың шынығып шымырлана түсуіне, үлкен тұғырларға шығуына игі әсерін тигізеді деп үміттенеміз.

Әбу ЖАРҚЫНҰЛЫ, тілші.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *