Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған

Ақшиман негізгі орта білім беретін мектебінде 14 қаңтардан бастап 25 қаңтар күндері аралығында «Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты бастауыш сынып онкүндігі өтті. Осы онкүндік ішінде бастауыш және пән мұғалімдері жоспар бойынша ашық сабақтар мен сыныптан іс-шаралар өткізді. Соның ішінде жас мамандар Мөлдір Айтболатқызы мен Айжарқын Әшкенқызы жаңартылған білім беру мазмұны аясында өз сабақтарында әдіс –тәсілдер қолданып, оқу мақсаттарына жете білді. Пән мұғалімдері «Дене мүшелері», «Табиғат білгірлері», «Бастауыш сынып үздігі», «Тапқырлар тартысы», «Кім жүйрік — ойға сол тапқыр» сабақтан тыс іс-шараларды қызықты да тартысты өткізді. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Нұрбек Балтабекұлы ұйымдастырған «Аппликация сиқыры» және «Қыс қызығы» көрмесінде жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды. Салауатты өмір салтын насихаттау аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Қанатұлы 1-4 сынып оқушылары және сынып жетекшілері арасында «Көңілді старт» эстафеталық ойынын өткізді.

26 қаңтар күні бастауыш жігіттері арасында «Жігіт сұлтаны —2019» сайысы болды. 4 кезеңнен тұрған жарысқа әділ-қазы алқасы төрелік етті. Жігіттің өнері мен білімі тең түскен сайыста 2-сынып оқушысы Қойшыбай Нұртөре «Жігіт сұлтаны» атағына иеленіп, 3-сынып оқушысы Әбілет Ақмәді 2-орын, 4-сынып оқушысы Бекишев Нұрсұлтан 3-орынға ие болып, дипломдармен марапатталды. Жігіттерімізге тілейтініміз болашақта қаққан қанаттары талмай, талаптарына нұр жауып, өнер мен білімді қатар ұстап, биік белестарден көрінсін!

Ш.М.Бейсекова,
Ақшиман бастауыш сынып мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *