АБЫЛАЙ, НАЙЗА МЕКЕНІНЕ БЕЛГІ ОРНАТЫЛДЫ

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан ат басын бұрып, 500 жауынгерімен келіп тыныстаған жайлау Май ауданының Баскөл ауылының аумағында орналасқан. Кезінде Шабанбай байдың жайлауы болған жер. Абылай ханға құрмет көрсетіп, 500 сәйгүлікті ер тұрманы, қару-жарағымен тарту еткен Шабанбай байдың ұрпақтары бар. Осы жерде мал ұстап, кәсіппен айналысып отырған «Ағайын» шаруа қожалығының басшысы Амангелді Құсайынов өз қаражатына арнайы тас әкеліп, қоршау жасатып, Абылай ханның бейнесін тасқа қашап салдырып, «Абылай, Найза мекені» деп жаздырды. Ескерткіш тасты ашу құрметі ауданның құрметті азаматы, Ленин орденінің иегері, Қайыркен Құсайынов пен аудан әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары Темірболат Саринге берілді.

«Рухани жаңғыру» аясында атқарылған шараға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті ауыл тұрғындары қатысты. Шабанбай байдың ұрпақтары да келіп, ризашылықтарын жеткізді. Мектеп оқушылары арнайы ғылыми жоба қорғағаны да айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *