Дәуірдің дара тұлғасы

29 қараша күні аудандық кітапханада Тұңғыш Президент күніне орай «Армандастар» жастар орталығының жастары арасында «Дәуірдің дара тұлғасы» атты кітап көрмеге шолу жасалып, жастар арасында «Тұңғыш Президент туралы не білесіз?» тақырыбына зияткерлік – патриоттық викториналық ойын өтті.
Шара барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі туралы, Н.Ә.Назарбаев жаңа заманның мемлекеттік және саяси қайраткері, бәсекеге қабілетті мемлекетті құруға бар таланты мен жігерін салған ұлт көшбасшысы екені әңгімеленді. Шара соңында ойынға белсенді қатысқан жастарға сыйлықтар табысталды.

Аудандық кітапхана.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *