Тәуелсіздік – шұғылалы таңдарым

Кез кел­ген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен бай­ла­ны­с­ты­ра­ды. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған за­ман ағымы, кезең ты­ны­сы бо­ла­ды. ХХІ ғасыр- бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт.  Ата-ба­ба­ла­ры­мыз болашақ  ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ да­ла­сы ата-ба­ба­ла­ры­мыз ғасырлар бойы ар­ман ет­кен және сол жол­да зор құрбандықтарға ду­шар бо­лып, өз тәуелсіздігін жеңіп ал­ды. Білімді, са­у­ат­ты аза­мат­тар – бұл ХХІ ғасырда адам­зат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін та­ны­ту үшін мүмкіндіктер өте көп.  Бұл ту­ра­лы аға ұрпақ жастық жыл­дар­да ар­ман­дай да ал­май­тын. Ал бүгінгі күн – та­лан­т­ты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және олар­ды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мем­ле­кет жас­тар үшін барлық жағдайды жа­сап отыр. “Жастық шақ — бұл та­ма­ша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс… ”, — де­ген екен Бер­нард Шоу. Тек оқу, күш — қуатыңды ая­мас­тан еңбек ету ке­рек, сон­да ғана ойлаған арманға же­ту­ге бо­ла­ды.

Кез кел­ген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен ар­ма­ны бо­ла­ды. Себебі ар­ман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабабаларымыздың аңсап,  тәуелсіздік жо­лын­да күрескен ар­ма­ны орын­дал­ды.

Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік ас­пан­нан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жо­лын­да еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жет­кен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің та­ри­хы­мыз­да өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, ба­тыр­лар, қарапайым халықтың өзі де жан­да­рын пи­да ет­кен. Тәуелсіздік де­ген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – сту­дент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін за­рдап ше­гу­ге дай­ын екендігін көрсете білуі бар­ша халыққа сенім мен жігер бер­ген бо­ла­тын. 

Жарқын болашаққа  қадам ба­сып ке­ле жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жа­сай берсін!

                                                   Қаратерек ауылы,
                                                     «Балбөбек» бөбектер бақшасы.
Тәрбиеші: Елубаева Маржангүл Тоқтархановна.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *