Ананың алақаны балаға айдынды қоныс!

Отбасы – еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, ақыл-ойды, адамгершілікті, мәдени қасиеттеді тәрбиелеуде отбасы – алғашқы білім ордасы.

Осы орайда «Балдәурен» балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ананың лақаны балаға айдынды қоныс» атты тақырыбына арналған тәрбиелік сайыс өткізілді. Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болғандықтан, сайысқа үш отбасы қатысып, анасы қыздарымен бар өнерлерін көрсетті. Сайыс алты бөлімнен құрылды. Аналары мен қыздары додада шығармашылық өнерлерін көрсетіп, қазақтың әдеп-ғұрпымен салт-дәстүрін жаңғыртып, насихаттады. Тәрбиелік сайыстың мақсаты: ата-аналардың балабақшамен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген қазақтың қанатты мақал — мәтелдері осының айғағы. Яғни ата- анасының өнегесі, тәрбиесі балаға үлгі, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.

«Балдәурен» балабақшасының
тәрбиешісі А.Т.Шақалақ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *